«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10-11 сынып оқушыларының Атбасар мешіті өкілдерімен кездесуі

30.01.2018

Дін әрқашан да кез келген адамның өмірінде және әлемдік өркениет тарихында маңызды рөл алған және солай болып келеді де. Дегенмен, әлемдік діндер мен дәстүрлі діндердің дамуы шіркеулердің, дәстүрден тыс діни ағымдармен, миссиялардың, пайда болуымен қошталып жатыр.

Миссионерлер мен уағызшылар соңғыларын адамдарды деструктивтік бағыттағы діни ұйымдарға тарту бойынша үгіт-насихаттық жұмыстарға жұмылдыру бағытында жұмыс жасайды. Деструктивтілік – қоғам өмірін жайсыздандыратын, мемлекеттің даму тұрақтылығын бұзатын факторлардың бірі.

Көптеген елдерде азаматтардың психикалық және физикалық саулығына нұсқан келтіретін, адамгершілік құндылықтарын бұзатын ұйымдардың қызметтеріне тыйым салатын заң қабылданған. Қазақстанда заңды негізде деструктивті деп танылған бір де бір діни ұйым жоқ. Десек те, кейбір діни қоғамдардың жекелеген деструктивтілік белгілері байқалады, олардың көбі адептер өмірін қадағалу, ақпараттық бақылау тәрізді ықпал ету тәсілдерін пайдаланады.

Дәстүрден тыс діндердің деструктивтік ағымдары қоғамға белгілі қауіп төндіріп, оларды рухани, физикалық және материалдық жағынан қолайсыз салдарға әкеп соқтырады. Мемлекеттік - конфессионалдық және кофессияаралық қатынастарды жетілдіруге ресми көзқарастар жүйесі жайлы білу, мемлекеттің зайырлық қағидаларын нығайту және дінді деструктивтік мақсаттарда пайдалануға жол бермеу үшін 2017 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының Президентімен «Қазақстан Республикасының 2017 – 2020 жылдардағы діни саладағы мемлекеттік саясат Тұжырымдамасын бекіту туралы» № 500 Жарғы шығарылды.

2018 жылдың 29 қаңтарында Атбасар ауданы ішкі саясат бөлімімен әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес, «Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ-нің 10-11 сынып оқушылары үшін: «Деструктивті жалған діни ағымдар қызметінің пайда болу нысандары, қауіпі, түйіні» тақырыбындағы дәріс өткізілді. Бұл дәрісті Атбасар мешітінің қызметкерлері Құралбаев А.Б. пен Сүйлеменов Р.А. оқыды. Аталған шараның модераторы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сейткасымов С.Б. болды. Кездесу сенімділік, достық атмосферасында өтті.

Просмотров: 508


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст