Текст
23 қаңтар күні «Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде қазіргі күнгі оқытудың өзекті мәселесі «сын тұрғысынан бағалау» бойынша коучинг өткізілді. Сатемирова Бакыт Калимтаевна коучты жиналған мұғалімдердің әдістемелік жинағын толықтыруға жарайтындай етіп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып өткізді. Сын тұрғысынан бағалау аспектілерінің бәрін білу жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасауда аса қажет. Коучинг қызықты, ең бастысы сабақтарда тәжірибелі пайдалануға бағытталып өткізілді.