Қазіргі заманғы отандық білім беру кезеңінде оқушылардың білім алуға мотивациясын арттыру, оқу мен тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізу ақпараттық нано – технологиялар, интернет – ресурстар тәрізді жоғары әлеуеттер арқылы табысты түрде жүзеге асырылуда.
Мектеп сайтының қызмет жасауы - уақыт талабы. Сайт ақпараттық ресурсретінде мектептің көпбағытты, сан қырлы қызметін ақпараттандырады және білімдік үдеріске қатысушылардың: ұстаздар, оқушылар мен ата-аналардың желілік өзара қызметтестігінің керемет аспабы болып табылады.
Ресми сайт оқыту үдерісі барысында білімдік мекеме алдында пайда болған әр түрлі мәселелерді уақтылы шешуге мүмкіндік береді..
Біздің мектеп сайты ақпараттық - ресурстық жиынтықтар арқылы мектебіміздің ілгерінді имиджін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады.
Біздің мектебіміз жыл сайын «Жалпыбілімдік мектептердің Үздік интернет - ресурсы» аудандық, облыстық конкурстарына белсенді қатысып, талай рет жеңімпаз атанып жүр. «Биылғы оқу жылында мектебіміз «Жалпыбілімдік мектептердің Үздік интернет - ресурсы» аудандық конкурсында БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды. Мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровнаға, ұсстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға, мектеп қызметкерлеріне аталмыш конкурста жеңіске жетуге қосқан үлестері үшін шексіз алғыс білдіреміз. Біздің сайтымыз ашық. Білімдік үдеріске қатысушыларға біздің бірегей интернет – ресурсымызды пайдалануда белсенділік танытыңыздар демекпіз.