Қазақстанның Ұлттық құрама командасы 2018 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысу 23 лицензия жеңіп алды. Бұл ойындар 9 - 25 қаңтар аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтпекші. Онда 102 медаль жиынтығы додаға қойылады. Біздің спортшыларымыз спорттың 9 түрі бойынша күш сынаспақ, оның ішінде биатлон, шорт-трек және мәнерлеп сырғанау бар. Қатысушылардың ішінде жүлдеден үміт күттіретін кандидаттар қатарында 62 спортшы бар екені жайлы Үкіметте өткізілген брифингте айтылды. Спорт және мәдениет вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың айтуына қарағанда, қазақстандық спортшылар допинг-сынамаларды бірнеше рет тапсырған екен. Оларды европалық зертханаларда тексерген. Нәтижесінде спортшылардың қан құрамында тыйым салынған препараттардың жоқтығы анықталған. Сондықтан да біздің спортшыларымыздың барынша көп медаль жеңіп алу мүмкіндігі бар екеніне сенімдіміз.
XXVIII қысқы Олимпиадалық ойындардың ашылу қарсаңында біздің оқушыларымыз сабақта және сабақтан тыс кезде мектеп кортына барып, қысқы спорт түрімен қызыға шұғылданып жүр. Бұл арада өткізілетін барлық шаралардың мақсаты: қысқы спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру, салуатты өмір салтын қалыптастыру.
Корт күнде сағат 15 - 16 аралығында жұмыс жасайды. 6-11 сыныптардың балалары конькимен сырғанап спортпен шұғылданады, сонымен қатар, дене тәрбиесі мұғалімдерімен бірлесе отырып кортты қардан тазалау жұмысына да құлшына қатысады. Біз, өздеріміздің оқушыларымызбен бірге олимпиадалық чемпиондар саны барынша көп болсын, жеңістің биік тұғырларынан көрінейік деген тілек білдіреміз!!!