«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа Жолдау - дамуға жаңа қадам

15.01.2018

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы қашанда тартымды, өзінің ауқымы және келешекке құлшынысымен әсерлендіреді, сондықтан да біз Нұрсұлтан Әбішұлының сөздері мен үндеуін биылғы жылы да асыға күттік. Ел Көшбасшысының біздің халқымызға жолдаған жаңа Жолдауы да ерекшелігімен тәнті етті. Ағымдағы жылғы Жолдау төртінші өндірістік революция жағдайында Қазақстанның жаңа даму мүмкіндіктеріне арналған.

Оның ең түпкілікті мәні көптеген маңызды да, қажетті құны бар «өндірістік революция» деген екі сөзде жатыр!

Президент жолдауында: көлік және логистикалық инфрақұрылым, құрылыс және коммуналдық қызметтердің ресурстық әлеуеттерін пайдалануда замануи технологияларды енгізуден бастап, тұрғындардың жұмыс бастылығын қамтамасыз ету, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, Қазақстанда адами капиталды сапалы дамыту туралы кеңінен айтылған, экономикалық тұрақтылыққа, толеранттілікке, барлық қоғамдағы жоғары өмір сапасына негізделген бірдей мүмкіндігі бар мемлекет құру идеясын түбегейлі көздеп құрылған. Жолдауды тыңдай отырып, оның мақсаткерлігін, еліміздің экономикасының даму қарқынын үдетуге көзделгенін сезінесің. Егер де Жолдаудың әр жолын шынайы өмірге жақындатар болсақ, бұл біздің өміріміздегі күнделікті қажеттілік пен қамқорлыққа қатысты екені байқалады. Нұрсұлтан Әбішұлының білім беру саласы өз позициясын қайта қарастыру керек, «тек қана білім беріп қоймай, әлеуметтік бейімделу үдерістерде алған білік-дағдыларды пайдалану дағдысына баулу керек», - деген сөздері біздің санамызға барынша жақын. Бұндай білім – әр баланың келешек табыстылығының кепілі. Президенттің педагог кадрлердің құзыреттілігін арттыру туралы сөзі де бізге жақын. «Тұлғаны құрметтеу, патриотизм мен гуманизм құндылықтарына бағытталған білікті, жан-жақты даярлығы бар педагогтарсыз ешқандай сапалы білім беру мүмкін емес», - деген Президенттің осы сөзін толығымен қоштаймыз. Біздің ойымызша, мемлекет тарапынан болып отырған осыншама түсіністік біздерге Жолдауда белгіленген жаңа міндеттерді жүзеге асыруға көмектесіп, оны іске асыру барысында күш-қуат береді!

Президент Жолдауы ертеңгі күнге сенімділік сыйлайды, демек, бұл міндеттердің іске асырылуы азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, өз тарихын, тілін білетін, озық, әрі глобалды көзқарастағы барлық қазақстандықтарға Жолдауда аталған міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Сөйтіп, Президент айтқандай: «Жаңа заманға сай болу үшін, біздер бір ұлт - төртінші өндірістік революция жағдайындағы тарихи өрлеу алдындағы ұлт болып бірігуіміз керек».

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст