Мектепке дейінгі мекеменің он күндігі болды. №1 мектеп шағын – орталықтың қазақ, орыс топтарында ашық сабақтар өткізілді. «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Дүйсенбі Назгүл «ғажайып математика әлеміне саяхат» тақырыбында өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: Сандарды тура және кері санау, көп-және аз, ұзын – қысқа, оң – сол, алыс – жақын және геометриялық пішіндерді атай білуге, қол мотарикасын дамыту. Сабақ барысында Қуыршақ Айгерім келіп өзінің жеті түрлі тапсырмаларын орындауға көмектесуін сұрайды. Балалар Айгерімнің тапсырмаларын орындап, оның достарына пішіндерден үй жасап берді. Сабақ соңында Қуыршақ Айгерім балаларға рахмет айтып, тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектескені үшін, өзінің сыйлықтарын берді. Ал «Ботақан» тобының тәрбиешісі Смадьярова Шуга Зеингабденовна «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін балалармен бірге саханалады. Ертегінің мақсаты: балалар жеке рольде ойнауға, өмірдегі қауіпсіз жағдайлардан қорғануға, ертегіні мазмұндап айтуға, сөздік қорын молайтуға, ата-анасын тыңдауға тәрбиелеу. Ертегінің соңында Ешкі балаларына орманнан алма әкеліп, рахметін айтты.