Керемет тартымды мереке – Жаңа жыл! Жаңа 2018 жыл – Ит жылы қарсаңы үлкендер мен балалар үшін ең қызыққа толы күндер болды. Жаңа жыл алдында барлық адамдар өз тілек армандарын ойластырып, оның орындалғанын қалайды және ол тілектердің бәрі Жаңа жылғы түнде орындалады деп сенім артады. Сәбилер үшін ең қызықты сәт – Аяз ата мен Қаршақызды қарсы алу кезі. «Айналайын» шағын орталығының балалалары осы мерекеге алдын ала және өте тыңғылықты дайындалды. Олар ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірлесіп орманның таңғажайып қонағы – жасыл шыршаны таңдады, оны безендірді, өлеңдер жаттап, әндер үйренді, жаңа жылдық костюмдерді таңдады. Ертегіге толы таңғажайып сәт басталып кетті, балалар жасыл шыршаны айнала тамаша ән айтып, ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық таңғажайып әлемге аттанды. Оның барысында олар Аяз атамен кездесіп мәре-сәре болды. Аяз ата үшін ән салып, тақпақ оқып атасының қоржынынан сыйлықтар алып, мәз-мейрам болды. Осы шараның барысында алған әсерлері жыл бойына жетерліктей күйге бөленді.