Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту онкүндігінің шеңберінде «Айналайын» шағын орталығының «Ботақан» тобында (тәрбиеші Смадьярова Шуга Зейнгабденова) «Волк и семеро козлята» атты сыныптан тыс шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты ата-аналарға деген құрмет сезімге тәрбиелеу; тұрмыстағы қауіпсіздікті сақтау; балалардың олйау қабілетін және сөйлеу машығын дамыту болды. Ертегіні сахналау кезінде қатысушылар артистік талантын жан-жақты көрсетіп, бар ниетімен ойнай білді, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен музыкалық дарынын паш етті. Қатысқан педагогтардың бәрі балалардың білім, білік дағдыларының жақсы екенін атап көрсетіп, тәрбиешінің әр баланың бойындағы жеке қасиеттерін аша білгенін және сахна мәдениетін қалыптасытурға жақсы ықпал ете білгенін атап көрсетті. Балалар үшін ең қызықты сәт ешкінің өз лақтарына тіл алғыштығы үшін сүт бергені тәрізді өздеріне арнап әкелінген алмаларды алу өте қызықты болды. Осы арқылы дұрыс тамақтау насихатталды. Ең бастысы шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, өнеге тұта білерлік сәттерге толы, тәрбиелік мәні зор болды.