2017 жылдың 27 желтосқаны күні Атбасар қ. № 3 ОМде аудан мектептерінің оқудағы жетістіктерімен көзге түсіп жүрген, үздік оқушыларына арналған жаңа жылдық мереке өткізілді. Мектептің тамаша безендірілген акті залына сұлу шырша орнатылған. Қатысушыларды ертегі кейіпкерлерінің костюмін киген мектеп оқушылары құшақ жая қарсы алды. Атаулы шараға Атбасар ауданының әкімі Аманбек Амирхамзинович Қалжанов пен білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушина оқушыларды құттықтау үшін келді. Біздің мектепбімізден білімдерімен көзге ерекшеленіп жүрген: Герасимова Вероника 6 «В» сынып, Идрисова Айнур 6 «Б» сынып, Токарев Павел 5 «А» сынып оқушылары қатысты. Әр қатычсушыға аудан әкімінің атынан естелік сыйлық берілді. Мереке театрландырылған қойылыммен жалғасты. Балалар дәстүр бойынша әсем шыршаның маңайында Аяз атамен, Қарша қызбен бірге ән салып, би билеп мәре-сәре болды. Олар бәрі 2017 жылдың белгісі – Тауықты шығарып салып, жаңа 2018 жылдың нышаны – Итті жылылықпен қарсы алып, оның өкілеттілігін берді. Мереке соңында барлық балалар мен шараға қатысушы қонақтар дәмханаға тәттіге толы жаңа жылдық дастархан басына шақырылды. Мереке жарқын да, қызықты болды. Осы мерекеге қатысқан оқушылар мен олардың ата-аналары атынан атаулы мерекенің ұйымдастырушылары: Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Наймушинаға және №3 ОМ директоры Г.Кизкеноваға біздібіздің балаларымызыға сыйлаған жаңа жылдық ертегі үшін шынайы алғыс білдіреміз.