Қыс өте қызықты жыл мезгілі. Үйде мандариннің иісі аңқығанда от жалыны жарқылдағандай әсер қалдырады. Шыршаның жанында жаңа жылдық сыйлықтар жатыр. Ал, балалар терезедегі Аяз ата безендірген оюларға қарап тұр. Өйткені бұл жыл мезгілінде ең қызықты мереке – Жаңа жыл келеді.
Әрине, үлкендердің де балалардың да ең сүйікті мерекелері - Жаңа жыл! Желтоқсанның 26 күні бірінші сыныптарда жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Мерекеге өте ұзақ дайындалдық. Балалар мерекенің болатынын, сыйлықтарды тағатсыздана күтті. Мәжіліс залының тең ортасында әдемі безендірілген шырша тұрды. Мерекеге оқушылар сәнденіп, көңілді келді. Ертеңгілікте оқушылар түрлі ертегі кейіпкерлерімен кездесті: Леди Бак, Супер Мысық, Самурай, Росомаха, Ханшайым Бэль және тағы басқалары. Ертегі кейіпкерлерінің көрсетілімі балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне жетеледі. Балалар мерекелік ортаны тез сезініп, жаңа жылдық сайыстарға белсене қатысып кетті. Аяз атаның келуі мерекенің ең қызықты сәті болды. «Күшіктердің Патрулі» Аяз ата мен Ақшақарды Қу түлкі мен Базилио мысығынан құтқарды. Көрсетілімнен кейін балалар Аяз атаға өздерінің тақпақтарын айтып, сыйлықтар алды.
Ата-аналар да сырт қалмады. Олар да балалармен бірге ойнады, биледі және де Аяз атамен Ақшақармен бірге естелік суреттерге түсті.