«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білімнің болашағы

22.12.2017

Бүгінгі күні мектептің келбеті күн санап өзгеруде. Бұл қазақстандық білім саласындағы болып жатқан салиқалы өзгерістермен байланысты.

Мұғалімдердің алдында: «Ақпарат заманында балаларды қалай оқыту керек?», «Білдім сапасын қайтіп арттыру керек, сабақта алған білім-білікті оқушының бәсекеге қабілеттілігіне қалайша себін тигізерліктей етуге болады?» деген саұрақтар туындап отыр. Осындай көптеген сұрақтарға жауап Көкшетау қ. «Өрлеу» «Ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ: «КПК ПК по предмету «Русский язык и русская литература» в школах с русским языком обучения в рамках обновления содержания среднего образования РК» тақырыбында өткен курстарда алынды.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі алдында: білім беру мазмұнын жаңғырту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру және білім беру жүйесіне сын тұрғыдан бағалауды енгізу мақсаты тұр. Бұл бағдарлама Д. Брунердің когнитивтік теориясына негізделген білім берудің спиральдік түрін дамытуды көздейді. Спиралдік оқыту түрі мектепте оқудың барлық кезеңінде біртіндеп күрделене отырып оқыталытын материалды қайта қарастыруды қамтиды, бұл дәстүрлі оқыту түрінен әлдеқайда тиімдірек. Сонымен қатар, қазақстандық оқушылар оқытудың белсенді түрлерін енгізу арқылы функционалдық сауаттылықтарын өздігіне дамытады, білімді белсенді түрде «жинақтап», өздерінің құрдастарымен қарым-қатынастағы коммуникативтік дағдыларын бар ниетімен дамытады. Жаңарған бағдарламаларды қолдану барысындағы педагогтардың міндеті оқушылардың бойында жалпадами нормалар мен мораль негіздерін, өзге мәдениет мен көзқарастарға толеранттілік пен құрмет сезімін қалыптастыру жауапты, дені сау, салауатты бала тәрбиелеу.

Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст