Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Айналайын» шағын орталығында «Менің Отаным-Қазақстан» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Мектепке дейінгілер осы шараға белсенді қатысты. Олар өз жұмыстарындаөз Отандарына деген сүйіспеншіліктерін алуан түрлі боялар арқылы суреттеді. Балалардың туған өлкесіне, өзінің шағын отандарына сүйіспенішліктерін суреттеу барысындағы қиялында шек болған жоқ. Бұл шараның нәтижесінде балалар шығармашылықпен атқарылған жұмыстан ләззаттанып, өз еңбектеріне қанағаттанғанды. Осындай жұмыстар балалардың бойында патриоттық сезімді арттырады, Қазақстан Республикасына құрмет, сүйіспеншілікті арттырады.
Балалардың жұмыстары тек өздері мен олардың ата-аналарын ғана емес, мектеп қонақтарын да қуантты. Айтулы шараға белсенді қатысқан барлық ата-аналарға, балаларға алғыс білдіргіміз келеді.