«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықтар достығы - ел бірлігі!

20.12.2017

Депортация - адамдардың немесе халықтың тобын басқа жерге күштеп қоныс аудару түріндегі жазалау соғыс алдындағы кезде пайдаланылған. Депортиртацияланған халықтардың тарихына үңілетін болсақ, жекелеген халықтарды Қазақстан жеріне тұтастай жер аудару үрдісі 1937 жылы басталған. Ең алғаш болып Украинаның шекараға жақын маңайында орналасқан елдердегі поляктар күштеп көшірілген. 1936 жылы 28 сәуірде ХКК-нің Қазақстан жеріне күштеп көшіру туралы қаулысы қабылданған. 1937 жылы Қиыр шығыстан 96 мыңға жуық кәрістер көшірілген. 1937 жылдың аяғына қарай күрдтер, ассириялықтар, ирандықтар мен түріктердің де басына осы нәубет келді. Шекараға жақын аумақта орналасқан елдердегі бұл халықтар "керексіз" деп жарияланған.

Осындай көпшілік депортациялаудың мақсаты - барынша қысқа мерзім ішінде халықты тек елінен айыруды ғана емес, сонымен қатар, тілінен, тарихынан, мәдениетінен және туыстық қатынастардан, ең бастысы - болашақ үміттен айыру болды. Осындай жағдайда кез келген халық, ол неміс, шешен, қалмық, қырым татары, украин, поляк тағы басқа болсын үнсіз мойынұсынған тоталитарлық режимнің құрбанына айналды. Депортациялан халықтар - күштеп қоныс аудару, ауыр еріксіз еңбек, аштық пен сырқат, бұзылған тағдыр тәрізді асқан нәубетті бастан өткерді.

Саналы түрдегі қазақстандық патриотизм мен ұлттық келісімді қалыптастыру мақсатында "Атбасар қаласы №1орта мектебі" КММ оқкшылары 2017 жылдың 14 желтоқсаны күні Атбасар қ. № 5 ОМде Қазақстандағы халықтарды депортациялау, сталиндік қуғын-сүргіннің 80 жылдығына арналған: «Дружба народов - единство страны» тақыбындағы мектеп Ассамблеясы отырысына қатысты. Шараның құрметті қонақтары қатарында шешен-ингуш диаспорасының өкілі Зарахов Аубакир Хатоевич, «Молодость» халықтық ансамблінің жетекшісі Шлоссер Ортвин Фридрихович, еңбек ардагері - Пак Октябрина Григорьевналар болды.

Қала мектептерінің оқушылары халықтарды Қазақстан жеріне күштеп көшіру тарихы бойынша презентацияларын ұсынды.

№1 ОМ 7 «Б» сынып оқушысы Гавриленко Алина мен Саулетова Даяна поляктарды Қазақстан жеірне депортациялау туралы айтты. «АРУ-НАЗ» тобы поляк биін орындады.

Просмотров: 656


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст