«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас ұлан» қатарына өтті

15.12.2017

Қазақстан Республикасы Тәуенлсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында "Атбасар ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі" КММде В қала және аудан мектептерінің ең белсенді, ең дарынды оқушылары «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымына қабылданды.

Біздің мектептен «Жас ұлан» ББЖҰ на 4, 5 сыныптардың оқу үздігі, белсенділер болып табылатын алты оқушысы: Кабильдинова Дильназ, Коваленко Алина, Ветрогон Анастасия, Эликшвили Тамрико, Юсупова Зарина, Федорова Вероника қабылданды.

4 «А» сынып оқушысы Кабильдинова Дильназ барлық пәндер бойынша үздік білім көрсетіп жүр. Ол сонымен қатар мейірімді, елгезек, тәртіпті, мақсатшыл қыз. Сыныптастары арасында сыйлы. Оның есімі «Надежды Казахстана» кітабына енгізілген. Барлық шараларға, конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. музыкамен айналысады. Аудандық мәнерлеп оқу конкурсында 1-ші орын алды.

Коваленко Алинана үздік оқушы. «Надежды Казахстана» кітабына енгізілге. Сабақты мұқият тыңдайды, ізденімпаз, көп оқиды. Музыкамен айналысады: «Ақ бота», «Русский медвежонок», «Пони» конкурстарында жүлделі орындарды иеленіп жүр. Алина Қазақстан Республикасы Тәуенлсіздігі күніне арналған конкурста өзі шығарған өлеңін оқып, бірінші орын иеленді.

4 «Б» сынып оқушысы Ветрогон Анастасия төрт жыл бойы үздік оқып келеді, мектептің қоғамдық, спорттық өміріне белсенді қатысады. Тәртіп ережелерін мұқият сақтайды, мейірімді, сыныптастары арасында сыйлы.

5 «А» сынып оқушысы Эликашвили Тамрико талапты, тәртіпті, еңбексүйгіш оқушы. Логикалық ойлауы дамыған, математика, әдебиет, тарихты сүйсіне оқиды. Қоғамдық тапсырмаларды қызыға орындайды. сыныптастары арасында сыйлы.

5 «Б» сынып оқушысы Юсупова Зарина оқу үздігі, көркем әдебиетті, шым-шытырық оқиғалар туралы шығармаларды жақсы көреді. Зарина ойы жақсы дамыған, мектептің, сыныптың өміріне барынша белсенді қатысады, өлең оқығанды ұнатады, қайырымды, сыныптастары арасында сыйлы. Қандай да бір жағдайда өзінің ойын анық айтып, түрлі шешімдерді өздігінен қабылдай алады.

5 «В» сынып оқушысы Федорова Вероника барлық пәндерді жақсы меңгерген, қабылетті қыз. Достары арасында беделді, көптеген балалармен достық қарым-қатынас ұстайды, қашықтағы олимпиадаға қатысып, талай жүлдені иеленіп, дипломмен марапатталған.

Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. жас жеткіншектерді осы атаулы күнмен құттықтап, барлығына жетістік тіледі. Олардың мектеп ішінде өзге балаларға үлгі-өнеге бола білуіне тілектестік білдірді.

Балалардың мойнына көгілдір галстуктер, төстеріне төсбелгілер тағылды. шара соңында мектеп көшбасшылары күшімен шағын мерекелік концерт қойылды.

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст