Текст
2017 жылдың 9 желтоқсаны күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің №1 орта мектебі» КММ базасында аудан және мектептерінің 11 сынып оқушылары үшін ҰБТ байқау сынағы өткізілді. Мектеп ұжымымен ҰБТ байқау сынағын өткізуге барлық ыңғайлы жағдай жасалып, жақсы аудитогриялар дайындалды. Тестілеу үдерісінің ашықтығы мен оның нәтижесінің обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды аудиторияларға кіргізу алдында рамалы металл іздегіш пен қол металл іздегіш қолданылды.