«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАС ҰРПАҚ - БІЗДІҢ ҮМІТІМІЗ

05.12.2017

Ұлы Абай кейінгі ұрпаққа: «Өз халқыңа қорған болу үшін, тірек болу болу үшін өзге халықтың білетінін үйрену керек» деп өсиет қалдырған.

Гүлденген мемлекет болу, тұрақты көпбағытты дамуға, адамдардың жоғары деңгейдегі экономикалық-әлеуметтік өміріне қол жеткізу үшін, аса зияткер зиялы ұрпаққа арқа сүйеу керек. Біздің еліміздің жас дарындарды дамытуға, олардың келешекте үдемелі дамып жатқан бәсекеге қабілетті ортада нағыз көшбасшы болуына, қоғамнан өздерінің лайықты орындарын таба білуге көмектесетін әлеуеті зор.

Бүгінде білімділік, жоғары мәдениеттілік, рухани әрі физикалық саулық тәрізді қасиеттердің маңызы артып отырған заман. Оқытудағы сабақтастықты ұстау, мектеп оқушыларының бойындағы бірегей зияткер қабілеттерді анықтау мақсатында 2017 жылдың 4 желтоқсаны күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Акционерлік қоғамы оқытушылары

«№1 орта мектебі» КММде» кездесу өткізді. Біздің алтыншы сынып оқушыларымен оның барысында аталған мектепке қабылдау, онда білім алу ерекшеліктері, күн тәртібі, зияткерлік мектептегі оқу-тәрбиелеу үдерісінің ерекшеліктері, бос уақытты өткізу т.с.с бойынша айтып, әңгімеленін, түсіндірме жұмыстар өткізілді. Виртуалдық саяхат жасай отырып, балалар алтыншы сынып оқушыларының шығармашылық қызметтерімен, сабақтан тыс кездегі және бос уақыттағы қызметтерімен, ғылым негіздері бойынша білім алу келешегімен танысты. Кездесу соңында Президентіміздің зияткерлік мектебіне түсу ережелері бойынша ұсыныстар жасалып, түсіндірме берілді. Оқу, білім, кәсіби дағдылар жеткіншек ұрпақтың өмірінде белгілі бір рөл атқаратынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст