«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білімдік инновациялар – болашаққа табысты кірігу кепілі

04.12.2017

Елбасы Н.Назарбаевтың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елдер қатарына кіру Тұжырымдамасынан бастау алатын, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруды мақсат тұтқан білім беру мазмұнын жаңарту біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік жаңғыруындағы үдемелі инновация болып табылады. Президентіміз: «20 - 30 жылдан кейін мүлде басқаша заман орнайды: үшінші индустриалдық революция болады, мүлдем басқаша технологиялар пайдаланылады. Барлық технологиялық жаңалықтарды игеру үшін Қазақстанды 21 ғасырға бастап апаратын басқаша адамдар қажет» деп атап өтті. Отандық мектептер тек білімдік және тәрбиелік мекеме болып қана қоймай, біздің мемлекетіміздің білім қоғамына ауысу тұжырымдамсындағы маңызды элементке айналуда. Егер де біз келешек қазақстандықтарды ерекше кәсіби шебер, өмірде болып жатқан үдемелі өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті етіп тәрбиелемек болсақ, онда білімдік жүйе модернизациясы балаларды дамытуға, жеткіншек ұрпақтың интеллектуалдық даму деректер базасын құруға бағытталуы шарт. Мұғалім мамандығы оқушы бойында ерекше қарым-қатынас әдебін, ең бастысы оқушылардың бойында өзіндік білім алуға, ізденіс пен стандарттан тыс ойлауға деген тұрақты да үздіксіз құлшынысты сіңіруді көздейтін ілгерінді тәлімгерлік түріндегі базалық кәсіби форматты қалыптастырады. Педагогтарды білімдегі құзыреттілік тұрғыға дайындау, кәсіби тұрғыда өзіндік іске асырылу мотивациясын арттыру мақсатында 2017 жылдың 20 қарашасы күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Автономдық білім беру ұйымдарының Педагогикалық шеберлік орталығымен жалпы білім беру ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасаралары үшін Қазақстан Республикасындағы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі курстар ұйымдастырылды. Курс бағдарламасы мазмұнды, мәнді, тығыз болумен қатар, сабақтарда сын тұрғысынан бағалау негіздерін үйренудің кең диапозонын, бағдарламалық және әдістемелік қамту мәселесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін формативті және суммативті бағалау, оқыту үдерісіне қажетті түрлі аспаптар мен ресурстарды қарастырды. Заманауи білімдік кеңістікте болып жатқан жаңашылдықтар біздің білім алушылармызыға оқу міндеттерін табысты түрде іске асыруға көмектесетініне және келешекте олардың...

Мен қабілеттімін

Маған оқу ұнайды

Менің көп білгім келеді деп айта алатынына сенімдіміз.

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст