«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТ- БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

04.12.2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту қарсаңында 2017 жылдың 30 қарашасы күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде «Создавайте судьбу страны вместе со своим народом!» айдарындағы салтанатты жиын өткізілді. Жиын алдында сөйлеген мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна өз сөзінде: «Біздің мемлекетіміздің тағдыры ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты. Біздің халқөымыздың баға жетпес бірегей, рухани байлығы: бірлік, толеранттілік, бейбітшілік пен келісім Президенттің ауқымды көлемде жүргізіп жатқан саясаты дүние жүзінде қайталанбас бірегей саясат екенін танытып отыр. Біздің Президентіміз Н.А.Назарбаевтың келелі жетістіктері оның дана бейбітшіл саяси қайраткер екенін дәлелдеп отыр. Бүгінгі күні Елбасының бастауымен болып жатқан глобалдық, модернизациялық қайта құрулар, батыл бастамалар, біздер, қазақстандықтарға «Мәңгіліқ Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы басты мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігін береді» деп атап өтті.

Патриотизмге тәрбиелеу – мектепетгі оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Мектебіміздің оқушылары «Рухани жаңғыру» патриоттық жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі шараларға өз еліне, өз Президентіне деген ерекше сүйіспеншілік пен мақтаныш сезіммен қатысып, түрлі бағыттағы: зияткерлік, әдеби, шығармашылық, спорттық жарыстарда көптеген жетістіктерге, белгілі нәтижелер мен жеңістерге қол жеткізуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, грамоталар, естелік сыйлықтар тапсырылды. Марапаттау рәсімі Қазақстанның келешегі креативті, білімді, дарынды, жаңашыл ұрпақтың сенімді қолында екенін көрсетті.

Просмотров: 663


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст