Текст
2017 жылдың 14 қарашасы күні №1 ОМте "Білім беру мазмұнын жаңарту" тақырыбында онлайн - конференция өтті. Конференцияға директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасап жүрген қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Конференция барысында формативтык және суммативтік бағалау, сонымен қатар, оқушылармен және ата-аналармен кері байланысты іске асыру бойынша мәселелер тыңдалды. Үш тілділікті кезеңдеп енгізу мәселесі қаралды. Бұл кезеңде ең бастысы жаратылыс тану математикалық цикл пәндері мұғалімдерінің курстық даярлықтан өтуі маңызды болып отыр. Қатысушылар онлайн-режимде сұрақтар қойып оған жауап алды. Мұғалімдер өздерінің келешек жұмысына қажетті көптеген пайдалы ақпаратттар алды.