«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жемқорлыққа қарсы біргеміз» дөңгелек үстел

22.11.2017

Атбасар қ. №1 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қала мектептерінің оқушылары арасында «Жемқорлыққа қарсы біргеміз» дөңгелек үстел өткізілді.

Оқушылардың алдында білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна сөйлеп, аталған тақырыптық өзектілігін ерекше атап өтті, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.

Отырыс басында оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төніп тұрған қатердің бірі - жемқорлықтың күн санап артуы жайлы айтылды. Жемқорлық қазіргі заманғы қоғамның ең үлкен проблемасына айналуда. Ол қоғамның барлық саласына және барлық адамдардың арасына кеңінен етек жайып келе жатқанына назар аударылды. "Дөңгелек үстел" қатысушылары: «Жемқорлық деген не?", "Қызметтің қай саласы жемқорлықпен барынша зақымданған?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, қоғамда алып жатқан көптеген келелі мәселелерді талқылап, жемқорлық көріністің себебін, салдарын және зиянын анықтады. Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес бойынша шетелдік тәжірибеге, жемқорлыққа бастайтын жағдайларға тоқталды. Жемқорлықпен күресу, оның алдын алу, болдырмау, түбін жою қызметтері туралы пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Нәтижесінде жемқорлықпен күрес қоғамның басты мақсаты болу керек деген тұжырым жасалды. Оқушылар Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ өкілдерімен сұхбаты", Борьба с коррупцией в Китае» бейнеролигін  қарады., Оқушылардың ойлары мен пікірлері, ұсыныстары тыңдалды. Олар түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, аталған проблемамен күрес бойынша өздерінің әдіс-тәсілдерін әзірлеп, ұсынды. «Скажем коррупции "Нет!", «Будущее без коррупции наша общая цель» ұрандары жазылған плакаттар дайындады. Жемқорлықпен күрес жастар саясаты бағытындағы басты да маңызды жұмыстарға айналуы шарт деген пікірге келді. Отырыс соңында №1 ОМ оқушыларының үгіт бригадасы «Вместе против коррупции» театрлық қойылымын көрсетті.

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст