Жер бетіндегі барлық адамдардың, балалардың, үлкендердің
шексіз сүйіспеншілігі, шексіз дархандығы өздеріне көмектесуден, жеткіншек
ұрпаққа рухани білім беруден және оны ілгерілетуден басталады.
С.Назарбаева
Ізгілік өнегесі Балаға адамгершілік-рухани тәрбие беру – біздің мемлекетіміздің білімдік жүйесін заманауи жаңғыртудың негізгі іргетасы болып табылады. Жалпыға белгілі аксиомада айтылғандай, қазақстандық жас ұрпақты үйлесіміділікке баулуда өзін-өзі тану мұғалімінің рөлі зор. "Баланың жан дүниесін қай мұғалімге сеніп тапсыруға болады?" деген философиялық сұраққа жауап іздеген болсаңыз, еш ойланбастан-ақ біздің балаларымыздың ілгерінді келешегін құрушы, мектеп директоры – өзін - өзі тану мұғалімі Татьяна Александровна Чуркинаға деген болар едік. Татьяна Александровна өзінің үлкен ұжымы, ата-аналар қауымдастығы және ең бастысы өзінің тәрбиеленушілері алдында зор беделге ие болып жүрген, болашаққа деген сара жолы бүгіннен басталатын жас ұрпақ бойына қоғамдық ізгілікті кәсіби тұрғыдан сеуіп жүрген игі істің шебері. Чуркина Т.А. өткізетін өзін-өзі тану сабақтары мейірімділік пен жылылық маржандары, адамгершіліктің асқан өнегесі, ізгілікке толы адами қатынасқа негізделген өмір қазынасы деуге әбден болады. Татьяна Александровнаның сан қырлы қызметі жеткіншек ұрпаққа деген шынайы сүйіспеншілік, қамқорлық мен қайырымдылыққа бағытталған. Ұстаздың баға жетпес дарыны, басшы ретіндегі бірегей таланты мейірімділік пен шығармашылық ортасын құрумен қатар, педагогтардың, ата-аналардың, оқушылардың өздерінің қайталанбас әлемін ашуға көмектеседі, өмірдің әр сәтін бағалауға, әлемнің сұлулығы мен кереметтігін түсіне білуге жетелейді! Оның жетістігі мен теңдесі жоқ жаңашылдық шеберлігінің педагогикалық формуласы осында болса керек. Үлкен өмірге қадам басуға, адамгершілік пен ізгілікке баулитын Т.А.Чуркинаның сабақтары – шын мәнінде " халық даналығының сабақтары" деп айтсақ, асыра айтпаймыз. Татьяна Александровнаның басшы ретінде педагогикалық еңбек мәртебесін арттырудағы баға жетпес еңбегі лайықты баға алуда. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үдерісіне қосқан ауқымды үлесі үшін Қазақстан Республикасы білім беру үсінің Үздігі, «Жұлдыз» БЖҚҰ БҰ «Золотая звезда» төсбелгісімен марапатталды. Чуркина Татьяна Александровнаның есімі «Сердце, отданное детям» республикалық кітабына енгізілді.