«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұбайларға арналған тренинг.

18.11.2017

15.11.2017 жылы Атбасар қаласының аудандық мәдениет үйінде Көкшетау қ. «Шаңырак» Қоғамдық Қорымен отбасылықжұптар үшін тренинг өткізілді. Аталмыш тренингтің мақсаты отбасылық қарым-қатынастарды нығайту болды. Ажырасудың неке тіркеу статистикасы деректеріне арақатысын қарайтын болсақ, Ақмола облысы тізімнің басында тұр екен. Жыл басынан бері 2 771 неке тіркелсе, оның ішінде 1 508 жұп ажырасып үлгерген. Мықты отбасылық қарым-қатынастар мен жанға жайлы шағын климат құру отбасы мүшелері бір бағытты ұстануы тиіс. Некелескен адамдар арасында орын алатын проблемалық аспектілер мен егес жағдайлардың бәрі көбінесе олардың ешқайсысының салауатты да сауатты қарым-қатынас құруға, егес жағдайларын дұрыс шеше білуге алдын ала үйретілмегендіктен туындайды.  

«Шаңырак» Қоғамдық Қорының міндеті қарым-қатынастар құруға үйрету емес, проблемалық жағдайлардан қалайша құтылу керектігін көрсету болды. Тренинг барысында қатысушыларға «Семейная социограмма» әдістемелік тапсырмасын орындау ұсынылды. Бұл әдістеме субъектінің тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтау мүмкіндігін береді, бұдан өзге отбасындағы коммуникациялар сипатын анықтайды. Осы әдістемені орындағаннан кейін психолог тренингке қатысушылардың әрқайсысының суреттерін қарап, шағын консультация берді. Сонымен қатар, «Сиамские близнецы» ойыны ойналды, оның барысында отбасылық жұптардың өзара қатынастары байқалып тұрды. Әр отбасылық жұп өздерін қызықтырған мәселелер бойынша консультация алды.

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст