Текст
15 қараша күні орыс тілі және әдебиетінің онкүндігі шеңберінде «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыруға арналған жас жазушылар мен ақындардың «Золотое перо-2017» конкурсы өтті.
Конкурсқа 5-8 сыныптардың оқушылары қатысты. 6-8 сыныптардың қатысушылары Қазақстан, Астана қаласының 20 жылдығы, ЭКСПО туралы өздері шығарған өлеңдерін оқыды.
5 сынып оқушылары «Доброта спасет мир» тақырыбына ертегі ойлап шығарды. Әрқайсысы иллюстрациялар салынған кітаптар шығарды, атрибуттар дайындады. «Золотое перо-2017» жас жазушылардың шығармашылық жолының бастамасы болды. Ең бастысы біздің елімізде саналы азаматтық тұрғысы бар талантты жеткіншек ұрпақтардың өсіп келе жатқаны сөзсіз.