Орыс тілі және әдебиеті онкүндігі шеңберінде 6 «А» сыныпта «Веселая грамматика» шарасы өткізілді. Ол «Русский язык – это интересно!» ұранымен өтікізілді. Конкурс: «Звезды русского языка», «Лирики» атты екі команда арасындағы сайысқа ұласып, «Отгадай загадку», «Конкурс ассоциаций», «Сокровищницы народной мудрости», «Кто быстрее?», конкурс «Литературный» ойындарынан құралды. Балалар ойындар арқылы орыс тілі мен әдебиетінен өз білімдерін жан-жақты көрсетті. Бәсекелестік рухында өткен ойын барысында оқушылар көптеген сұрақтарға жылдам жауап беруге, мақал-мәтелдердің "шашылып қалған" бөліктерін құрастыруға тырысты, «Престижная работа» конкурсында актерлік шеберліктерін көрсетті.
Сарапшылар ретінде сыныптастар олардың еңбегін бағалады.
Нәтижесінде «Звезды русского языка» командасы ойын жеңімпазы атанды.