Сұр бұлт түсі суық,
Қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан...
Жаздың жайма - шуақ күндері аяқталып, сіркіреген ұсақ жауын, салқын да ызғарлы жел, қаптаған қара бұлттың кезі - күз мезгілі келді. Бірақ №1 ОМ 3 - ші сынып оқушыларының күз туралы түсінігі бұдан тіпті басқаша. 31 қазан күні оқушылар арасында «Осенний калейдоскоп» мерекелік шарасы өткізілді. Бұл күні қыздер «Мисс Осень» конкурсына қатысты. Конкурс барысында сәнқой қыздер бірі-бірімен шынайы сайысқа түсті. Ал ұлдар болса «Листики одного дерева», «Переправа» ойындарына қатысып, ептілік, сергектік, ойшылдық танытумен қатар, керемет әндер шырқады. Балаларға қонаққа келген Патшайым оларға өзінің күзгі сыйын тарту етті. Шара соңында қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды. Осындай тамаша мерекелік шараны ата-аналардың көмек-қолдауынсыз өткізу мүмкін емес, сондықтан да оны ұйымдастыру, өткізуге ат салысқан барлық ата-аналарға алғысымыз шексіз. Жанға жылу сыйлайтын шуақты мерекелер арқасында күздің салқын желі де, бұлтты күндері де түк емес - сыйластық бар жерде жылылық бар екеніне көзіміз тағы бір жеткендей болды.