01.11.2017 ж. Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы педколледж базасында 5 және 7 сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша облыстық семинар-тренинг өткізілді. Оның негізгі мақсаты шетел тілі сабақтарында оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу болды. Оқыту семинарының тренері Оксфорд университетінің тәжірибелі оқытушысы Paul Woodfall болды. Семинар барысында қатысушылар жаңартылған білім беру бағдарламасының технологияларын үйрену үдерісіне жұмылдырылды. Мен, көптеген өзімнің әріптестерім тәрізді, Оксфорд университетінің өкілімен дайындалған бірнеше тапсырмаларды орындауға қатыстым.
Paul Woodfall семинарға қатысушыларды жұмылдыру арқылы жаттығуларды орындайтын бірқатар оқыту технологияларын көрсетті, бұл сабақтағы лексикалық сөздерді есте сақтауға, грамматикалық даңғдыларды айту және үйренуге ықпал еттеді. Оқу кезінде көптеген қызықта да, пайдалы ақпараттар алды.
Семинар соңында жүргізуші ассистенттермен дайындалған тосын сый сәті облыстық практикум қатысушылары үшін өте қызықты болды. Адамдарғалық толы залда сыйлыққа электрондық оқулықтар қоса берілетін лотерея билеттерінің ұтысы ойналды. Сөйтіп, маған Оксфордша отыту бойынша әзірленген “English Plus” электрондық оқулығын ұтып алу және де English Plus Kazakhstan edition» Оксфорд кәсіби тренингінің сертификатын иелену бақыты бұйырды.