Қазіргі күні ағылшын тілін білу өте маңызды болып отырғандықтан, кез келген білімді адам ағылшын тілін білуі тиіс. Өйткені ол келешекте өзіндік білім алуды жетілдіруге бастайтын кілт деп білеміз. Ал оқу, тіл үйрену болса көптеген тынымсыз еңбекті, табандылықты талап ететін, ізденістің арқасында қол жеткізлетін дүние десек, ағылшын тілін үйрену осының бәрін екі есе талап етеді. Маған : Й.Гётенің: "Шет ел тілерін білмеген адам, өз ана тілінде ешнәрсе білмейді» деген сөзі ұнайды. Біздің заманымызда ағылшын тілі халықаралық тілге айналып отыр, 300 миллионға жуық адам осы тілде өз ана тілі тәрізді сөйлеседі.
№1 ОМ педұжымы ағылшын тілін үйренуді жалғастыруда. Тіл үйрену жұмыстарын ағылшын тілінің мұғалімдері: А.Нурманова, Е.Алифёркина, Н.Белинскаялар жүргізеді. Әріптестеріміз ағылшын тілінің лексикалық, грамматикалық және фонетикалық аспектілерін қызыға үйренуде. Замануи ортада ағылшын тілін білу – әлемге ашылған тереземен тең. Халықаралық тілді меңгерсек біз алдымызға қойған мақсатқа қолд жеткізу, әлемнің әр түрлі хплықтарымен емін еркін қарым-қатынасу мүмкіндігіне ие боламыз.