Күзгі демалыс – керемет кез! Оқудан аздап алшақтап, кез келген сүйікті ісіңмен айналысуға болады. Осындай демалыс уақытында 2 «А» сынып оқушылары «Не?» «Қайда?» «Қашан?» викторинасына қатысу бақытына ие болды.
Оқушылар білімнің әр ссаласында өздерінің білімдерін көрсетті. Кішкентай білгірлердің талқылауға бір ғана минуты болғанына қарамай, олар сабырмен келіп, әр тапсырманың шешімін табуға тырысты.
Командаларпдың бәрі жарқын, эмоционалды әрі белсенді болып, тамаша ойын көрсетті. Десек те, әр ойынның жеңімпазы, жүлдегерлері және қатысушылары анықталуы тиіс екені белгілі.
Нәтижесінде №2-команда 1 орын иеленді. Жеңімпаздардың қуанышында шек болған жоқ! Бірақ балалардың басты жетістігі — олардың жеңісінде емес, ойын барысында көмектескен мығым білім мен берік достық болды.