28 қазан күні аудандық мәдениет үйінде жастар орталығымен ұйымдастырылған КТК өтті. Көңілділер, тапқырлар ойынына 9 команда қатысты, оның ішінде бірінші мектептің «Максимум» командасы да болды. Ойынның негізгі тақырыбы "Салқын күз"- «Холодная осень»: «Өзін таныстыру» және «Үй тапсырмасы" атты екі номинацияда ашылуы тиіс болды. Біздің «Максимум» командасының мүшелері: Комбатуров Тамерлан, Гончарова Лия, Абаев Дэни, Толегенов Нурбол, Абаев Изновр, Малышев Кирилл, Кабильдинова Елара, көмекші қолдаушылары: Шевченко Валерия, Соломка Елена – артистистік өнерімен, әзіл арқылы қаланың күнделікті өзекті мәселесін қозғай білуімен, теледидардан көргендерін көшірмелемей, команданың өзіндік ерекше стилін таңдай білуімен көрермендерді тәнті етті.
Нәтижесінде «Максимум» командасы белсенді қатысқаны үшін Грамотамен марапатталды. КТК - жай ғана ойын емес, бұл қоғамның гүлденуі мен дамуы бағытындағы жас ұрпақтың креативтік қозғалысы.