Бурабайдың тамылжыған көрікті баурайында балалардың нағыз арманына айналған «Балдәурен» республиекаалық оқу-сауықтыру орталығы орналасқан.
Бұл жерде әр бала шығармашылық қабілетін ашады, өзін тұлға ретінде танытады, өзіндік өмір жолын анықтайды. Мен, 5 «А» сынып оқушысы №1 ОМ Абдуллин Даниял осындай керемет ортақыта болу бақытына иеболдым. Республикалық орталық еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға есігін айқара ашты. Жиында ауысымның ашылу салтанаты өткізілді. Мен «Эврика» деп аталған 1-ші жасақта болдым. Таңымыз спорт залында музыкалық сүйемелдеумен өткізілетін жаттығулардан басталды. Таңертеңгі жаттығулардан кейін бәріміз пайдалы да дәруменге бай тағамдарын ұсынған асхана күтіп тұрды. Таңғы асты ішкеннен кейін сабақтарға бардық. Оқу үдерістері аяқталған соң бөлмеге қайтып, түскі тамақ ішеміз, содан кейін тыныштық сағаты орнады. Тыныштық уақыты аяқталған соң біздің сүйікті ісіпен айналысу мүмкіндігіміз болды. Біреу бассейнге барса, біреу спорт заылнда немесе ойын залында: тоғыз кұмалақ, үстел үстіндегі теннис, шахмат, дойбы тәрізді түрлі ойындарды ойнады. Ал акті залында бізге мультфильмдер мен көркем фильмдерді көрсетті. Сонымен қатар, өнерлі балаларға өз музыкалық өнерін паш ету үшін оқушылардың күшімен концерттер ұйымдастырылды. Жасақтар арасында би билеу шеберлігін байқату бойынша би жарыстар өткізілді. Күнде кешкісін дискофеста өткізіледі, біз өзімізідің тәлімгерлерімізбен бірге биге деген құштарлығымызды, өнерімізді көрсеттік. Түрлі эстафеталармен ұйымдастырылған шағын олимпиадалық ойынлдар аса қызықты болды. Абылайхан мұражайына, Бурабай көліне, Оқжетпес тауына жасаған саяхаттар тартымды болды. Қысқасы, әр күніміз алуан түрлі шараларға, викториналарға, жарыстарға толы болып қызықты өтті. Осындай қызықты уақыты аяқталып, орталықта болатын соңғы күнде жетті. Бұл күні ауысымды жабу бойынша жиын, гала-концерт өткізілді, оған барлық жасақтардың балалары қатысты. Көптеген жаңа достармен танысқан, жаңа білім алған, денсаулығымды түзеген менің бұл сапарым есімде мәңгі қалатын болды. Орталықта болған уақытым керемет қызықты өтті. Мемлекетіміздің келешек ұрпақтың денсаулығына қамқорлық танытып, олардың шығармашылық және зиятакерлік өсуіне ерекше назар аударуының белгісі - оқу жылы барысында сабақтан қол үзбей тамаша дем алатын, денсаулықты түзететін, иммунитетті нығайтатын «Балдәурен» тәрізді таңғажайып орталықтың болғаны қандай жақсы!
Осы тұста мен өз атымнан Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушинаға маған ұсынған мүмкіндік үшін шексіз алғысымды білдіремін.