Жыл сайын қыркүйек айының соңында аяз түспестен бұрын, күзгі табиғат сұлулығына тамсанатын, сүйсінетін, сұлулығын жырлайтын уақытта алтын күз мерекесі аталып өтіледі. Дәстүрлі «Күзгі бал» мектебіміздегі оқушылардың да жақсы көретін, асыға күтетін мерекесі. Кешкілікте өткен "Осенний блюз» мерекесінде орын алған атмосфера ерекше болды. Бұл жерде шығармашылық, бастамашылық рухы орнап, балалар арасындағы өзаара қолдау және шынайы достық сезімдер айқын байқалды. 8-ші, 9-шы, 10 - 11 сыныптардың оқушылары: «Визитная карточка», «Осенний подарок», «Художественная самодеятельность», «Осенняя улыбка», «Презентация овоща» конкурстарына белсене қатысты. Балалар жылдың керемет мезгілі "Күз" туралы 8 «А» сынып оқушысы Дегтярева Лолитаның оқыған өлеңінен тамаша әсер алды. Конкурсқа қатысушылар: Либрехт Ангелина, Дегтярева Лолита, Яськова Татьяналар өздерінің бірігей костюмдерімен таңдандырды. 11 сынып оқушылары билеген тартымды флэш-моб, 8 «А» және 9 «Б» сынып оқушыларының би нөмірлері қазылар алқасының жоғары бағасын алып, көрермендердің ду қошаметіне бөленді. 10 сынып қазылар алқасының бір ауызды шешімі бойынша ең креативті және ең тату сынып деп танылды. Балалардың конкурстардың әр кезеңіндегі өнер қойылымдары бірегей, ерекше болумен қатар, оқушылардың дайындық деңгейі мен бірлігі байқалып тұрды. «Презентация овоща» конкурсы ерекше қызық өтті, қайталанбас өнер туындысы іспетт, эстетикалық безендірілген күзгі тағамдар қызылша, орамжапырақтар көздің жауын алды. 10 сынып оқушыларының адам өміріндегі ең маңызды астық өнімі -бидай туралы презентациясы қазылар алқасы мен көрермендер көңілінен шықты. Мереке соңында «Мисс осень-2017» атағы берілді.
«Мисс осень-2017» конкурсының құрметті бірінші орны бір ауыздан Либрехт Ангелина мен 10 сынып ұжымына (сын.жет.Токтарова Г.К.) берілді. Екінші орынды Калманбаева Дамира мен 11-ші сынып түлектері (сын.жет. Алиферкина Е.Б.), үшінші орынды 8 «А» сынып оқушысы Дегтярева Лолита (сын.жет. Белинская Н.А.) иеленді.
Барлық оқушылар мен сынып жетекшілеріне аталған мерекеге белсенді қатысқаны және конкурстарға деген шығармашылық тұрғылары үшін алғыс білдіргім келеді. Жеңімпаздарды құттықтау үшін сыйлықтар ұсынған біздің ата-анамыз, кәсіпкер Стригун Людмила Григорьевнаға, мектеп асаханысын жалға алушы Латыпова Н.В.-ға жеңімпаз командаларға арнайы дайындаған керемет күзгі бәліштері үшін алғысымыз шексіз.