«Алтын күз» мекрекелік апталығын өткізу шеңберінде ең кішкентай балалар - "Айналайын" шағын орталығы ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен « "Осень, осень, в гости просим!» атты мереке өткізілді. Оған №1 ОМ ата-аналары белсенді қатысты (Н. Дронь, Т. Мухутдинов, А. Королев, Ю. Мельник, М. Шон, М. Березкин). Бұл кісілер балалаырмен бірлесіп көптеген әдемі суреттер салды, табиғи матиериалдардан шығармашылық жұмыстар жасады және керемет костюмдер дайындады.
Залдың ішінде тамаша безендірілген тартымды орта мен жанға жайла атмосфера орнады. Балалар бар ниеттерімен ән шырқап, туған өлкесі, оның сұлулығы туралы өлеңдер оқыды, би билеп, хоровод жүрді. Қандай да болмасын балалар мерекесі - шаттық күлкіге, шат-шадыман көңіл күйге толы сәт және бір керемет таңғажайыпты күту. Балалардың ортасына күз патшайымы келді. Ол балаларға күзгі сый-сыяпат әкепті: жұмбақтар, әзілдер, әндер және тәтті сыйлықтар.
Мереке ойдан шықты! Балалар мен ата-аналар көптеген оң эмоцияға бөленіп, көтеріңкі көңілде болды.