Қазақ ұлттық ойындары мектеп жасындағы балалардың ақыл-ойын дамыту құралы ретінде аса маңызды. Өз Отанын білетін, сүйетін нағыз азамат әрі патриот тәрбиелеу - қазақстандық қоғамның өзекті міндеті. №1ОМ оқушылары 2017 жылдың 14 қазаны күні Асық ату, Тоғызқұмалақ ұлттық ойындары бойынша аудандық жарыстарға қатысты. Команда құрамында: Дершан Эдуард, 8 «Б», Кенжебаева Диана 8 «А», Луров Саид 8 «Б», Аманжол Олжас 8 «Б», Камбатуров Нурбол 8 «А», Лебедева Дарья учащиеся 7«В» сынып оқушылары болды. Оқушылар ойын партияларын бар ынтасымен қызыға ойнап, көңіл-күйлері көтеріліп, сергіп қайтты. Қазақ ұлттық ойындары танымдық материалдан құралған, баланың дүниетанымын біршама деңгейде кеңейтуге ықпал етеді, оның елі, туған жері, халқы туралы түсінігін нақтылай түседі десек артық айтпаған болармыз. Балалардың ойлау жылдамдығын, қиял мен шығармашылық өрісінің кеңдігін, ашық ой мен ақыл қайратын қажет ету қазақ ұлттық ойындарына тән сипаттар.