Жыл сайын мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушылар үшін арнаулы шара - «Бірінші сыныптықтар қатарына қабылдау» мерекесі өткізіледі.
Биылғы жылы аталмыш шара 21 қазан күні аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Әсем безендірілген залда жиналған оқушылардың көңіл-күйі жақсы, шат-шадыман. Мерекеге жиналған бірінші сынып оқушыларын «Бас Мұғалім» Наймушина Наталья Георгиевна осынау толқулы, салтанатты сәтпен құттықтап, оларға оқуда жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, бақытты бола беріңдер деген тілек айтты.
Бұл мерекелік шара барлық оқушылар үшін аса тартымды, қызықты, әрі толқулы естен кетпес оқиғаға айналды. Бірінші сынып оқушылары шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі конкурстарға, оқушылардың ойындарға белсене қатысты. Оқушылардың көңіл-күйлері жақсы болды, мерекелік шараның оларға ұнағаны байқалып тұрды. Олар келесі жаңа тапсырмаларды асыға күтті. Балалар осынау шарадан сергіп, тамаша эмоцияға бөленіп шықты. Келешекте мектеп өмірін де осылайша бар ниетпен, қызыға да тамсана таңдана игереді-ау деген сенімдеміз.
Мереке соңында әсем ырғақты би биленді және оқушыларға тәтті сыйлықтар тапсырылды.