13 қазан күні Көкшетау қ. «Структура и содержание учебных образовательных программ, учебников в условиях обновленного содержания образования по языковым дисциплинам» тақырыбы бойынша өңірлік семинар өткізілді. Семинарға жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын орыс тілі жәнеәдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Осы семинарға қатысу үшін филолог-мұғалімдердің де іс сапарын ұйымдастырғаны үшын Атбасар ауданының білім бөліміне алғыс білдіреміз. Осы семинар барысында «Русский язык 7 класс» оқулығы бойынша жұмыстар аса маңызды болды. БҒМ орынбасары Максутова З.О., Журавлева Е. А. ғылым докторы, оқулық сарапшылары, Назарбаев мектебінің әдіскерлері мен мұғалімдері семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап беруге тырысты. Семинарға қатысушылар «В реальной жизни важно не то, что ты помнишь из школьных знаний, а как ты готов к жизни» деген сөзді заманауи білім берудің лейтмотиві деп таныды.