2 - 5 қазан күндері № 1 ОМнің 3 - 4-ші сынып оқушылары арасында «Күз сыйы» атты табиғи материалдардан жасалған бұйымдардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Күз - жылдың керемет мезгілі. Ол алтын алуан түске боялған ағаштарымен, жер бетіне кілемше төселген түрлі түсті жарыпақтарымен көрікті. Тіпті күзгі жаңбырдың өзі де керемет! Күз - жарқын да, дархан мезгіл. Көкөністер мен жемістер, бүршіктер мен жаңғақтар, жапырақтар - осылардың бәрі әдемі қиял мен бар ниетпен атқарған еңбектің арқасында ерекше туындыға айналады.
Көптеген жылдар бойы қазан айында бастауыш сынып оқушылары арасында күзгі кереметтерге арналған шығармашылық көрме қйымдастырылып келеді, биыл да сондай көрме мектеп фойесіне орналастырылды. Көрмені ұйымдастыраға оқушылар мен олардың ата-аналары белсене қатысты. Бұл жерден небір кереметтерді көруге болады: бүршіктен, жапырақтардан, мүктен, жемістер мен көкөністерден және басқа да көптеген табиғи материалдардан
жасалған қаншама бұйымдар көздің жауын алады. Көрмеге келуші оқушылар, ата-аналар, мектеп қонақтары оны қызыға тамашалады.
Әсемдігімен көз тартып, көңілге нұр сыйлаған бұйымдар қатарында: Бимендин Санжардың, Махмудова Матаның,
Петухова Аннаның, Диль Полинаның, Толеубаева Аружанның, Бородин Глебтың, Швидкой Дмитрийдің Муканова Даянаның, Сосковец Маринаның, Кабельдинова Дильназдың, Коваленко Алинаның жұмыстары болды. Аталмыш көрмені ұйымдастырып, өткізуге белсене ат салысқан оқушылар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Бастауыш сынып мұғалімі