«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күзгі қиял» қолөнер бұйымдарының көрмесі

09.10.2017

Қиял мен шығармышылққа кеңінен жол беретін, толып жатқан алуан түрлі сый-сыяпат пен көптеген материалдарға толы, жылдың ең керемет, ең жарқын, ең дархан да алуан түсті, көркем мерзімі - алтын күз келді. Көптеген заттардың түрін көкеністер мен жемістерден істеуге болады. 2 - 4 қазан аралығында біздің мектебіміздің  1-2 сынып оқушылары арасында "Күзгі қиял" атты балалардың қиялынан туындап, өз қолдарымен жасаған бұйымдардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге оқушылар мен ата-аналардың бірлесе жасаған композициялары мен әр түрлі сюжеттерге арналған бұйымдар ұсынылды. Ерекше көзге түскен композициялар мен бұйымдар: «Чудесная осень» Эртлер Александра мен Кубарь Эвелина 1«А» сынып, Музыка Олеся 1«Б» - «Осеннее чудо», Мотузков Павел 1«А» - «Осенняя сказка», Сабырбек Манас 1«А» - «У осени в лукошке», Попова София 2 «А» - «Подарок Осени», Акулов Александр 1 «Б» - «Осень», Кузнецова Полина 2 «А» - «Сказочная осень», Утков Иван 1 «Б» - «Урожай», Анопкина Маргарита 1 «В», Юдин Александр 1 «В», Шайхисламов Марк 1 «А», Хоробров Михаил 2 «Д», Каменева Дарья 2 «В», Касперский Артем 2 «В», Пархомец Татьяна 2 «В», Кузюта Максим 2 «Д», Мусабеков Абай 2 «Д», Белозерова Анна 2 «Б», Сактаған Даурен 2 «Б». Осындай тамаша жұмыстар барлық балалардың, қонақтардың, ата-аналардың көңілдерінен шықты. Оның нәтижесінде барлық жұмыстар көздың жауын алып, қызықты, бірегей, тартымды болды. Бастауыш сыныптардың оқушылары шығармашылықтары, ой жақсылығы, қиял ерекшелігімен бәрін таңдандырып, тамсандыра білді!  Көрмеге қатысушылардың бәріне көрме барысында алған таңғажайып эстетикалық әсер мен табиғи материалдарды керемет өнер шығармасына айналдырған шеберліктері үшін алғыс айтамыз.

 

Просмотров: 3154


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст