Дүниежүзілік туризм күні (World Tourism Day) испанияның Торремолинода (Torremolinos) қаласында 1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымдар Бас ассамблеясымен белгіленген және жыл сайын 27 қыркүйекте аталып өтіледі. Бұл дата 1970 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның Жарғысы қабылдануымен байланысты таңдалды. Мерекенің мақсаты туризмді және оның әлемдік экономикаға қосар үлесін насихаттау, әр түрлі елдердің халықтары арасындағы өзара байланысты дамыту болды. Ол туризмге оның әлеуметтік, мәдени маңыздылығына халықаралық қауымдастықтықтың назарын аударуды көздеді. Халықаралық туризм саласы дамытылса біздің кең байтақ елімізде қаншама көрікті жерлер жеткілікті десеңізші! 27 қыркүйек күні №1О Мте дәл осы күні 5-11 сыныптардың оқушыларымен Дүниежүзілік туризм күніне арналған шаралар ұйымдастырылды. 10 сынып оқушылары «Туризм» тақырыбына әсем безендірілген қызықты қабырға газетін дайындады. Оқушыларды, педагогтарды Дүниежүзілік туризм күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық, бақыт, оптимизм мол болсын! Шартарапты аралап саяхаттаңызыдар, серуендеңіздер! Желдеріңіз мақсатқа жылдам жеткізерлік жылдам болсын!