Текст
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жунусов Талғат Турлыбекұлы, ТжКБ бөлімінің басшысы Садуақасов Бекжан Серікұлы 19 қыркүйек күні жұмыс сапары шеңберінде «Атбасар ауданы білім бөлімінің №1 орта мектебі» КММ-не келді. Кездесуде Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровналар болды. Мектепке келген сапарында Талғат Турлыбекұлы шағын орталық тәрбиеленушілерімен кездесті. Сонымен қатар, мектептің бірінші қабатында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.