«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке жол» республикалық акциясы

08.09.2017

Жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық  акциясы өткізіледі. Осы «Мектепке жол» акциясы шеңберінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсетіледі.Қайырымдылық акциясын өткізу, оған ат салысу, әлеуметтік әлжуаз тұрғындар қатарындағы балалрға демеушілік жасап, қол ұшын беру туралы ақпарат біздің ауданымыздағы  мемлекеттік ұйымдардың басшылары назарына жеткізілді.  Бұл акцияға көптеген адамдар бар ниетімен қатысып, балаларға қажетті оқу құралдарын алуда қайтарымсыз көмек берді. Атбасар қ. №1ОМ он оқушысы осындай қайырымдылықтың шапағатына бөленіп, жүздері бақыттан нұрланды. Мектеп  формасы, аяқ киім, рюкзак алған балалар қуаныш сезімімен қатар мемлекеттің шын мәніндегі қамқорлығына бөленіп, қолдауын сезінді. Барлық ата-аналар мен педагогикалық ұжым, оқушылар атынан кеңпейілдік танытқаны үшін: Атбасар ауданының әкімі Никишов А.Н., Атбасар қаласының әкімі Комбатуров Н.Т., Атбасар ауданы әкімінің орынбасары  - Тажденова К.Х., Игибаев К.К, Атбасар ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Виншу Е.А., Атбасар аудандық мәслихат депутаттары  – Елисеев А.К., Дюсенбаев М.М, «Атбасар ауданының қалалық құрылыс және архитектура бөлімі» ММ басшысы Жанабаев М.Т., «Нұр Отан» партиясының Атбасар аудандық филаилы төрағасының бірінші орынбасары Муканов К.Д., Халық банкі Атбасар аудандық филиалының  басшысы  Дьячек Н.С. сынды дархан жандарға айтар алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, мектеп құралдары салынған 35 пакет жинақтап, оны балаларға тегін сыйлаған жеке кәсіпкер И.П.Дегтяреваға айтар алғысымыз мол. Осының бәрі  зор адамгершілік пен мейірімділіктің көрінісі. Осындай көмектің арқасында көптеген балалар мектеп партасына уақытында отырып, жаңа оқу жылын бастап кетті.

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст