Адам баласы анасының жатырында, атап айтқанда су ортасында қалыптасады, су стихиясында болу үлкендерге де, балаларға да шексіз ұнауы сондықтан болар... Жүзу көптеген оң эмоцияға бөлейді, бұдан өзге, сауықтырады, денсаулықты нығайту әсерін береді. Өзіңіз үшін жанға жайлы әрі пайдалы іс іздесеңіз, онда жүзуге барыңыз.
«Прометей» аулалық клубына қатысушы балалар үш ауысым бойы «Олимп» денетәрбиесі сауықтыру кешеніндегі бассейнге қызыға барып, жүзумен айналысты. Жүзу сабақтары тәртіпке, табандылыққа баулиды, батылдық пен ептілікті нығайтып, ерік-жігерді күшейтеді. Жүзу баланың ағзасына пайдалы, жүзу кезінде олардың бұлшық еттері бекіп, күштері артады. Су ішінде, сенімділік пайда болады, омыртқа бекиді, баланың тұлғасы мен сымбатының сұлу болуына әсер етеді. Жүзу майтабандылықтың алдын алады. Жүйелі түрде жүзумен айналысу қан жүру жолы мен жүрек-қан тамырларының, тыныс бұлшық еттерінің жұмысын күшейтеді. Жүзу-баланың иммунитетін арттырушы әрі шынықтырушы процедурасы болып табылады.
«Олимп» ДСК бассейніне барып дем алуға, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік жасаған №1 ОМ әкімшілігіне, «Олимп» ДСК директоры Абдрахманов А.М.,ОІМ Жакенова Е.Н.,, нұсқаушыларға, оның ішіндегі жайлылық пен азалықты қадағалаушыларға біздің балаларымыздың болуы кезінде оң қабақ танытқаны үшін алғысымыз шексіз. Баршаңызға көп рахмет!