Жаз –керемет маусым! Сабақтан демалып, жаңа күш-қуат жинайтын, жаңа әсерге бөленетін,, көңіл-күй көтеретін мезгіл. Марина Фёдоровна Шпиц–Берг жетекшілігімен ұйымдастырылған «Прометей» аулалық клубының жұмысы балалар үшін естен кетпес кезең болды. «Лакомка» балалар сауықтыру орталығында лабиринтте жүру, қызықты танымдық ойындар, тартымды үлкен доптар атмосфераны балалардың шат күлкісі мен тынымсыз шаттығына бөледі. Балалар қаншама қиял, шығармашылық танытты десеңізші! «Олимп» денетәрбиесі –сауықтыру кешеніндегі бассейнде болған күндер балалар үшін ерекше әсерге толы болды. Олар денесін шынықтырып, жүзу үйренді. Аулалық клубттың жұмыс жасаған бірнеше күніндебалалар № 4ОМте өткен спорттық, танымдық шаралардың қонағы болды. «Пионербол» және «Перестрелка» бойынша бірлесіп өткізілген шаралар көрші мектептердің оқушылары арасындағы достықты нығайту мүмкіндігін берді. Жазғы демалысты «дуылдатып өткізудің» әрине, дайын мәзірі жоқ, дегенмен, біздер, мұғалімдер ,өзара қарым-қатынас пен көтеріңкі көңіл күй осы міндетті табысты іске асырудың басты кепілі деп білеміз. Біз, үлкендер, балалар үшін әр күннің көңілді, әсерлі, естен кетпестей болуы үшін жұмысты қызықты ұйымдастыруға, балаларды алулалық клубтың жұмысына барынша қызықтыруға тырыстық.