Шілденің 21 күні Ілияс Есенберлин атындағы мұражайда Атбасарлық тұрғындарымен Венгриядан келген ұлы Жібек жолы арқылы атпен саяхат жасап жүрген Ласло Цако және Иштван Бенезе атты туристермен кездесу өткізілді. Мұражай қызметкерлері қонақтарды шашу шашып қарсы алды. Сонымен қатар жазушы өмірінен әңгімелеп, мұражай ішіне танымдық экскурссия жүргізді.
Экскурссиядан кейін қонақтар мен атбасарлықтар арасында кездесу өткізілді. Қонақтар өздерінің саяхат мақсаттарын айтып өтті. Венгрия мен Қазақстан қандас елміз, сондықтан туыстығымызды ары қарай жалғастыра береміз дейді. Олар ат үстінде Венгрліктердің XI ғасырдағы киімінде жүргендерін айтады.
Олар қазақ жерінің кеңдігіне, ауасының тазалығына, адамдарының қонақжайлылығына таң қалғандарын айтады. Қазақтың дәстүрінің және кейбір сөздерінің ұқсас екенін айтады. Келген сайын қазақ жеріндегі өзгерістерге, өркениетке таң қалады. Кездесу соңында атбасарлықтармен естелік суретке түсті.