Атбасар ауданында су тасқыны болған 2016 жылдың 16 сәуірі күні біздің есімізде көпке сақталады. Су тасқынының жойқын болуы көптеген тұрғындар үшін күтпеген жағдай болды. Су біздің мектемізге дейін жетті, барлық бірінші қабатты су алып кетті. Оқушыларымыз уақытша №3 ОМке ауыстырылды, сабақтарды екінші ауысымда оқыттық.Дегенмен, қоғамда көптеген қайырымды, елгезек жандардың қасымызда бар екеніне дәл осы күндері тағы да көзіміз жетті.
Адамдар бір жанұяның мүшелері тәрізді ортақ қайғы-қасірет, қиындықта қол ұшын беріп, қолқабыс болып жатса бұл қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайта түседі..
Біздер үшін қиын сәттерде Жақсы ауданы мен Астана қ. №19 метебінің педагогтары ең қажетті заттар, киім-кешек пен азық-түлік тағамдары түріндегі қайырымдылық көмек көрсетті. « №1орта мектеп» КММ әкімшілігі осындай қауырт-қиын шақта қайырымдылық көмегін аямаған ізгі жандардың бәріне үлкен алғыс білдіреді. Келген көмек су тасқынынан зардап шеккен мектеп қызметкерлері мен оқушылардың жанұяларына таратылды. Қиындықта қол ұшын ұсынып, жүрек жылуын сыйлағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз! Сіздерге жетістік, денсаулық, ізгілік тілейміз! Жақсылықтарыңыз алдарыңыздан еселеп шығып, шапағатқа кенеле беріңіздер! Сіздерге және барлық жақындарыңызыға денсаулық тілейміз!