Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы 2017 жылдың 2 - 8 мамыры күндері ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығы мен Жеңістің 72 жылдығына арнап Қостанай-Астана бағыты бойынша әскери- патриоттық клубтар жүгірісін өткізді. Атбасар қаласы спортшылардың жүгіру жолдарындағы бір пункт қатарында болды.
9-11 сыныптардың оқушылары қаланың Жеңіс саябағында спортшыларды салтатантты түрде қарсы алуды ұйымдастырды болды. Атбасар ауданының даңқты шежіресімен таныстырып, ақ жарқын көңілмен, шашу шашып, тәтті бауырсақтар тартып қарсы алды. Біздің мектебіміздің жас спортшылары марафонға қатысушыларға жақсы тілектерін білдіріп, өздерінің спортқа деген қарым-қатынасымен бөлісті. Спортты сүйетін батыл, батыр, епті, шыдамды адамдарға еш кедергі жоқ деген ұранмен спортшыларға шабыт-қуат берді.