Білім беру үдерісін жетілдіруге жетелейтін факторлардың бірі ақпараттандыру. Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар біздің қызметімізге көптеп енгізіліп жатыр. Қазіргі күні педагогтардың рөлі өзгеруде. Олар бұрынғы білім трансляциялаушыдан біртіндеп білім алушылардың жаңа білім, білік, дағдыларды игеру қызметін ұйымдастырушыға айналуда. Интернет желісінде жарияланған білімдік ақпараттық ресурстар қолда бар ақпараттық құралдардың күшімен жетеді. Интернет-ресурс (синонимі «веб-ресурс, веб-сайт, веб-сервис, сайт») – бұл Дүниежүзілік ғаламторда жариялау үшін тағайындалған техникалық бағдарламалық – аппараттық, сонымен қатар, ақпараттық сипаттағы кіріктірілген құралдар үйлесімі.
Біздің мектебіміз Ақмола облысы білім басқармасымен өткізілген «Үздік интернет-ресурс» конкурсына қатысып, «Жалпыбілімдік мектептің Үздік интернет-ресурсы» номинациясы бойынша ІІ-ші дәрежелі Диплом иеленді.