«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көңілді мәрелер»

05.04.2017

28.03.2017 ж. сағат 10.00 –де біздің мектебіміздің 2-ші сынып оқушылары арасында «Күштілер. Батылдар. Ептілер» ұранымен «Көңілді мәрелер» өткізілді. 

Іріктелген э стафеталар өте қызықты болды; балалар күштілік, батылдық, ептілік, шыдамдылық пен жылдамдықтарын жан -жақты көрсетті. Спорт залының іші шатттықа толы көңілге, жеңіске деген құлшыныс пен жеңіп шығуға деген ниетке толы болып, балалардың аталған шараға шынайы кірісіп кеткені сондай, айналасында не болып жатқанын байқамады. Олардың ойында бір ғана нәрсе –мәреге бірінші болып жету тұрды. Залдың іші көңілді, думанға, қошамет пен қолдаудан дуылдап тұрды. Балалар бақытты, шат-шадыман!!!! Осынау –мереке-жарыстарды ұйымдастырып өткізген  мұғалімдер Писклова С.Н., Рыбинская М.П., Чернова И.Р.- үшін балалардың шаттыққа толы, жалындаған жанары мен көтеріңкі- көңіл күйлері  ең үздік марапат. 

Жеңіске жету үшін мықты, физикалық күшті болумен қатар, мақсаткерлік, ерік, жігер, қайрат, ұйымдастырушылық қабілеттері болуы тиіс, керектігіне балалардың көздері жетті. Қазылар алқасы жарыстардың нәтижесін шығарды, командалар бірдей ұпай жинап, нәтижесінде Достық жеңді!

Мереке естен кетпес әрес қалдырды, барлық жиналған адамдар көңілді тарасты. Жарайсыңдар!

Просмотров: 548


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст