«Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ-де «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру шеңберінде өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында өткізілген іс-шаралар есебі.
2017 жылының наурыз айында мектебімізде мектепке дейінгі дайындық тобының өзге ұлт оқушылары арасында «Қазақ тілі –менің тілім» атты сайыс өткізілді.Сайысқа 0 «А» сыныптан Кушнарева Яна, Тяглый Григорий, Овчинникова Виолетта, 0«Б» сыныптан Радченко Максим, Лысенко Полина сияқты оқушылар қатысты.
Сайыс мынадай кезеңдер бойынша өткізілді.
«Ән- көңілдің ажары» қазақ тілінде ән айту.
«Қызықты қойылым» театрланған көрініс.
«Мәнерлеп оқу» сайысы.
«Өнер алды-қызыл тіл» тақырып бойынша сөйлесу.
Тақырыптары: «Менің достарым», «Менің туған үйім», «Менің үйдегі достарым»
Оқушылар алды ала дайындалды. Бірінші сайыс бойынша «Қызыл гүлім-ай», «Туған жер», «Астана», «Бал дәурен», «Қошақаным» әндерін шырқады. Екінші кезең бойынша «Мақта қыз бен мысық», «Шалқан», «Алдар көсе» ертегілерінен көрініс қойды.Көріністе өздерінің әртістік, тапқырлық талаптарын көрсете білді.Үшінші кезең бойынша ел, жер, тіл, ана туралы ақындар өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Төртінші кезең бойынша берілген тақырыптар бойынша жеребе арқылы таңдап сол тақырыптары бойынша сөйледі. Және сұрақтарға ауызша жауап берді. Сайысқа оқушыларымыз өте белсенді қатысты. Қазақ тілінде жақсы сөйлей алатындарын, түсінетіндерін көрсете білді. Өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарын, мұғалімдерін риза қылды. Нәтижесінде 0 «А» сынып оқышысы Кушнарева Яна І орын, 0 «Б» оқушысы Радченко Максим ІІ орын, 0 «А» Овчинникова Виолетта Овчинникова Виолетта ІІІ орын иеленді. Оқушылар сайысқа өте белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталады. Сайыс көрермендер тарапынан өте жоғары бағаланды. Дайындаған мұғалімдеріне, ата-аналарына мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтылды.