Елбасының айтуы бойынша мектептегі білім беру саласына үштілділікті енгізу қазақстандық балаларды келешекке дайындау болып табылады.
Ағылшын тілінен жыл сайын өтетін «British Bulldog» халықаралық конкурсына біздің мектептің оқушылары қуана қатысады.
Конкурс тапсырмалары мектеп бағдарламасын ескере отырып жасалған. Әр жастағы балаларға : 3-4, 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары үшін төрт нұсқадан тұратын тапсырмалар дайындалады.Конкурстың тағы бір ерікшелігі тапсырмалар ішінде аудиоматериалдардың болуы.
Конкурсқа қатысу ерікті. Биылғы жылы оған 47 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны-28, бұл 59,5 % сапа көрсеткіші.
Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды .
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және келешекте де осындай биік жеңіске жете беріңіздер демекпіз!