«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әдеби-көркем оқу»

17.03.2017

2017 жылдың 16 наурызы күні 2-4,5-8,9-11 сыныптардың қазақ тілін үйреніп жүрген   жергілікті ұлт өкілдері болып табылмайтын оқушылар үшін мектебімізде оқушылар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, түпкілікті ұлт емес өкілдерінің шығармашылық әлеуеттерін дамыту мақсатындағы рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу, жан-жақты дамыған әлеуметтік бейімді-жауапты  тұлға қалыптастыруды көздеген, интеллектуалдық, насихаттық бағыттағы конкурстың мектептік кезеңі өтті. Онда оқушылар «Әдеби-көркем оқу», «Музыкалық қонақжай», «Көркем-театрландырылған қойылым», «Ұлттық – қолданбалы өнер» 4 номинация бойынша күш сынасты. Қазақ тілі мұғалімі Бакиянова  Кунслу Куандыковна оқу және ілеспе аударма жасау үшін мәтіндер, мақал-мәтелдер дайындады. Қатысушылар емтихан кезіндегідей диалог тақырыбын билет таңдау арқылы өздері анықтады. Әр қатысушы өз номинациясы бойынша үй тапсырмасын ұсынды. Қазылар алқасы конкурсқа қатысатын оқушыларды анықтады. Олексюк Игорь, 6 Б сынып оқушысы «Әдеби-көркем оқу» номинациясы, Дегтярева Лолита , 7 А және Литвинова Екатерина 9 А сынып оқушылары «Музыкалық қонақжай»,  номинациясы «Музыкальная гостиная», Загайдулин Адиль, 11 сынып оқушысы «Көркем-театрландырылған қойылым» номинациясы, Костина Алена,  9 А сынып оқушысы Акаева Малика 7А сынып оқушысы «Ұлттық –қолданбалы өнер» номинациясы бойынша аудандық конкурсқа жолдама алды. Қатысушыларымызға алдағы конкурста жеңіс тілейміз!

Просмотров: 648


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст